Павлодарда 21 жасар қыз зейнеткерді тонап кетті

кража кошелек ұрлық әмиян
Фото: Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Күдікті зейнеткердің пәтерін бір емес, екі мәрте тонаған. Ең әуелі үйде тұрған ақшасын жымқырса, соңынан тағы келіп ұялы телефонын үптеп кеткен.

Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай, тәртіп сақшыларына облыс орталығында тұратын 88 жастағы зейнеткер шағым түсірген. Кейуананың айтуынша, кешкілік пәтерінің қоңырауын бейтаныс қыз бала басып, ішке енген. Кіре сала үй иесін әңгімемен алаңдатып, сервантта тұрған ақшаны алып кеткен. Одан қоймай арада төрт күн өткенде ол әжейге тағы келіп, бұл жолы ашықтан-ашық үйден ақша іздеген. Түк таппаған соң қуат көзіне қосылып тұрған «Panasonic» телефонын қалтасына басқан.

«Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырған. Біздің жедел қызметкерлер жылдам іске кірісіп, ұрлық жасаған жанды тапты. Ол 21 жастағы қыз бала болып шықты. Заттай айғақтар қайтарылды, ал ақшаны күдікті жеке қажетіне жаратып қойған», - деп мәлімдеді Павлодар қаласы ОПБ бастығы Жандос Орынбаев.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар