Павлодарда 22 жастағы жігіт кәріз суына тұншығып қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқыс оқиға бүгін сағат 11.00 кезінде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодарда 22 жастағы жігіт кәріз суына тұншығып қайтыс болды

«Бүгін сағат 11.04 кезінде Павлодар қалалық полициясына 1 мамыр – Ломов көшелерінің қиылысында жұмысшының құбырға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Ломов көшесі 37/3 мекенжайында жұмыс кезінде қысымнан құбыр жарылып, құбырға толған кәріз суы 22 жастағы монтаждаушыны ағызып әкеткен», - делінген департаменттің хабарламасында.

Жұмысшылар есінен танған әріптесін сыртқа алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда Ақсу қаласында туған жас жігіт оқиға орнында жан тапсырған. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайы анықталып жатыр.