Павлодарда 26 қарағандылық азаматты азаптау ісі бойынша тергеу аяқталды

Павлодар облысы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Әсет Саттыбаевтың айтуынша, колония қызметкерлері қару ретінде тасымалдауыш таспаның бір бөлігін қолданған. Әсіресе, көп азап көрген 28 жастағы қарағандылық Саян Мұратбеков бас-ми жарақатынан қайтыс болған.
"Ерекше назар аударылатыны - сотталушы «кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипатта әрекет ету» бабы бойынша жазасын өтеген, - дейді прокурор. - Азаптау айыбы бойынша істе барлығы алты адам туралы сөз қозғалған. Олардың үшеуі - түзету мекемесі бөлімінің жедел уәкілеттілері, үшеуі - колония әкімшілігінің көмекшілері.
Әсет Саттыбаевтың сөзіне қарағанда, бір жылдың ішінде дәл осы колонияда екі сотталған азамат көз жұмған. Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті колонияда арнайы тексеріс жүргізгеннен кейін 10 адам жазаланған.