Павлодарда 27 мыңға жуық азаматты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жыл басында облыстың 27 мыңға жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етуді көздейтін Өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. Бүгінде 11 479 адам жұмысқа орналастырылды.

жұмысшы
Фото: Kazinform

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында 2782 жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 240 орынға артық. 199 инфрақұрылымдық жобаның ішінен электрондық еңбек биржасында 681 бос орынға 103 жоба орналастырылды, 484 адам жұмыспен қамтылды.

«Өңірлік энергетика және ТҮКШ, мәдениет, білім және құрылыс басқармаларының жобаларындағы көрсеткіштер облыстық деңгейден төмен орындалып жатқаны байқалады. Субсидияланатын жұмыс орындарына жоспар бойынша 6617 адамның 5495-ы жұмысқа орналастырылды (83%). Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін 400 АЕК мөлшерінде 443 грант және жастар үшін жылдық 2,5%-бен 5 млн. теңгеге дейін 164 жеңілдетілген шағын несие беру көзделген. Құжаттарды қабылдау тамыз айында басталады деп жоспарлануда», - деп хабарлады Павлодар облыстық әкімдігінен.

Еске сала кетейік, Кереку жеріне тартылған инвестициялар 9 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар