Павлодарда 28 үйді екі күн сусыз қалдырғандар жазаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі жұмысы апаттық жағдайға әкеліп соққан әрі салдарынан 28 үйді екі күнге сусыз қалдырған мердігер ұйым жауапқа тартылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

Павлодарда 28 үйді екі күн сусыз қалдырғандар жазаланады

Бұл туралы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Мусинов айтты.

«25-қараша күні 1 Мамыр көшесі бойында коммуналдық апаттың орын алғаны белгілі. Павлодар-Водоканал» ЖШС мен «Трамвай басқармасының» тағатын айыптарынан бөлек, біз облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен қалалық прокуратураға хат жолдаған едік. МСҚБ берген жауабына сүйенсек, кінәлі ұйым 200 АЕК көлемінде айыппұл, яғни 458 мың теңге төлеуге міндеттелді. Тапсырыс беруші - дүкен. Ал, жұмыстарды «МонолитСтрой-ПВ» ЖШС жасады, айыппұлды да сол ұйым төлейді», - деді Алмаз Мусинов.

 Еске салайық, Павлодарда Торайғыров, 1 Мамыр және Крупская көшелеріндегі 28 көпқабатты үй екі күн бойы сусыз қалған. Төтенше жағдайдың орын алуына осы аумақта жеке тұлғаның өз нысанына кәріз тартуы себеп болған. Жұмыс кезінде диаметрі 600 мм. су құбыры магистралі зақымданған.