Павлодарда 3 мың ұстаз ХІІІ педагогикалық марафонға қатысуда

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының ИнЕУ-де үш мың ұстаздың қатысуымен ХІІІ педагогикалық марафон басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодарда 3 мың ұстаз ХІІІ педагогикалық марафонға қатысуда

Марафон үш жерде өтіп жатыр: №16 мектепте мектепке дейінгі білім беру, №25 мектепте мектептен тыс мекемелер және ИнЕУ-де мектеп мұғалімдері пікір талас жүргізеді. -  Осында мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, ұстаздар, психолог-ұстаздар және әлеуметтік психологтар жиналды, - деді білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова. - Марафонға қаламыздың үш мыңнан аса ұстаздары қатысады. Олар білім жүйесіндегі мәселелерді талқылап, болашаққа бағдар жасайды. Шараға 568 инновациялық жұмыс қабылданып, олардың 300-і түрлі секцияларда оқылатын болады».

Шолпан Нұрахметованың айтуынша, секцияларда білім ордаларының басшылары мастер кластар өткізеді. Әр секцияны ғалым, доктор немесе ғылым кандидаттары басқарады. -  Шараның басты бөлімінде ИнЕУ-нің профессоры, проректор Аманкелді Бейсембаев, білім беру бөлімі басшысының орынбасары Людмила Казанцева, №39 және 37 мектеп директорларына сөз беріледі, - деді әдіскер.
null 

 Айта кету керек, педагогикалық оқулар ұстаздар үшін өте маңызды. Аталмыш марафон оларға ұзақ демалыстан кейін алдағы оқу жылына білек сыбана кірісуге көмек береді.   

null