Павлодарда -33 градус аязда басты шыршаны орнатып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда -30 градустық аязға қарамастан орталық алаңдағы 30 метрлік шырша орнатыла бастады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жұмысты «Бонус строй» ЖШС жүргізуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Павлодарда -33 градус аязда басты шыршаны орнатып жатыр

Шырша өткен жылдан қалған ойыншықтармен безендіріледі. Олардың ішінде гүл тізбесі, пингвиндардың отбасы, жылқылар мен аюлардың шағын формалары бар. Осы жылы павлодарлықтар үшін қалалық мәдениет және демалыс, Гагарин саябақтарында  биіктігі бес метрлік төбешік жасалады. Ал, қаланың басты шыршасының шамдары Тәуелсіздік күні  мерекесінен кейін жағылады.

 Айта кету керек, биыл облыс орталығын жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңге қарастырылған.