Павлодарда 37 жастағы ер адам жол апатында мерт болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар маңында екі көлік соғысып, 37 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда 37 жастағы ер адам жол апатында мерт болды

«Павлодар қаласының маңында 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «ВАЗ-21074» маркалы автокөлік пен 1985 жылғы ер адам жүргізіп келе жатқан «IVEKO-2227 UT»  маркалы көлік соғысқан. Апат салдарынан 37 жастағы ер адам көз жұмып, тағы екі жолаушы ауыруханаға жеткізілді, - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.