Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда пештің ақауы салдарынан 4 балаға иіс, тиіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

Медицина мамандарының ақпараты бойынша, 19 ақпан күні сағат 08:54-те жер үйде 15, 11, 5 және 2 жас аралығындағы балалар иіс тиіп уланған.

«Балалардың барлығы облыстық балалар ауруханасына «Орта деңгейдегі ыстан улану» диагнозымен жеткізілді»,-деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Мамандар сондай-ақ балаларды жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенде олардың жанында 32 жастағы анасы болғанын айта кетті. Балалардың анасы да иіс тиіп уланған. Әйелдің сөзінше, үйде пештің ақауынан түтін исі шыққан.

Осыған дейін Павлодар облысында оқушы бұрыш спрейін шашып, 310 адам мектептен эвакуацияланғаны жазылды.