Павлодарда 50 мыңға жуық азамат жол ережесін бұзып, 741 млн теңгеден астам айыппұл салынды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жыл басынан бері өңірде 335 жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 20 адам қаза тапқан. Тағы 404 адам жарақат алды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан 49 770 адам жол жүру ережесін бұзып, оларға жалпы сомасы 741 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
15 160 жүргізуші қозғалыс жылдамдығын белгіленген шектен асырған. Жыл басынан бері өңірде 335 жол апаты тіркелген. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 404 адам жарақат алды. Мас күйінде рульге отырып, апат тудырғандар да азаяр емес. Ал жаяу жүргіншілердің қатысуымен 123 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Еске сала кетейік, Ертіс-Баян өңірінде бес айда жол апатынан 3 бала көз жұмған.