Павлодарда 500 келіге жуық есірткі затын сатпақ болған қылмыстық топ қолға түсті
Қылмыскерлерден 500 келіге жуық «марихуана» және 2 келіге жуық «гашиш» өнімі табылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәлімдегендей, заңсыз айналымнан алынған сораның жалпы құны шамамен 30 млн теңгені құраған.
«Күдіктілерге қарсы ұзақ уақыт бойы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оң нәтижесін берді. Ер адамдар көрсетілген есірткі заттарын біздің аумақта сатуды көздеген. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - дейді мамандар. Көрсетілген бап бойынша санкциялау, мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Қолға түскен екі адамға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды, үшіншісіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.