Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында 6 адамның өмірін қиған оқиға бойынша бұрынғы мәслихат депутаты ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірлік полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатқанын мәлім етті. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Шерзат ісі бойынша қамаудағы күдіктілер туған күн тойлаған: басшылық жазаланады
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адамның өмірін қиған қайғылы оқиға бойынша күдікті тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Аталған дерек бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында істің мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілу үстінде. Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-прцессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.

Ұсталғандардың бірі «Aqtogai Milk» ЖШС-ның бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Александр Терентьев екені айтылып отыр.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 20 шілдеде Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам қаза тапты.

Кейін Үкімет басшылығының тапсырмасымен оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Тірі қалған тұрғын кейін Ақтоғай аудандық ауруханасынан шығарылды.