Павлодарда 6 жасар бала ауыр техниканың тілін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 6 жастағы бала ауыр техниканың тізгінінде отырып, елді дүрліктірді, деп хабарлады www.24.kz.

Павлодарда 6 жасар бала ауыр техниканың тілін тапты

Бұл туралы бейнебаян ғаламторда жарияланды. Полицейлер орын алған жағдайға байланысты дереу қимылдап, ғаламторға салынған бейнебаянның авторын іздеп тапты. Өз баласын ауыр техниканың рөліне отырғызған «есерсоқ әке» Шарбақты ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген мөлшерде айыппұл төледі.