Павлодарда 6 жасар қыз иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодарда 6 жасар қыз көмірқышқыл газына уланды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 наурыз күні Павлодар қаласында Қатаев көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Екі шаршы метр аумаққа тараған жалынның салдарынан 6 жасар қыз бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жаумен күреске ҚР Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.