Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жеңіл көлік жүргізіп келе жатқан ер адам жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

«20 маусым күні сағат 15:30-да Павлодар қаласындағы Камзин мен Гагарин көшелерінің қиылысында «Саненг» көлігінің 68 жастағы жүргізушісі жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен екі адамды қағып кетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншлер ауруханаға жеткізілді. Көлік айыппұл тұрағына кіргізілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.