Павлодарда 700 литр жағармай тиелген көлік түгелдей жанып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында жанар-жағармай тасымалдап бара жатқан КамАЗ көлігі түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда 700 литр жағармай тиелген көлік түгелдей жанып кетті

«31 шілде күні сағат 22.25-те Транспортная көшесі, 11 мекенжайындағы өндіріс базасы аумағында тіркемесі бар 1991 жылы шыққан КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Онда 700 литр жанар-жағармай болған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, оқиға орнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған. Жеке құрамнан 14 адам үш техниканың көмегімен тілсіз жауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те түгел сөндірді.

Өрт электр жабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.