Павлодарда 99 отбасы қоныс тойын тойлады

АВЛОДАР. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың жаңа Усоль шағын ауданында 99 отбасы қоныс тойын тойлады,

Павлодарда 99 отбасы қоныс тойын тойлады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев  жалпы алаңы 5,9 мың шаршы метр болатын 9 қабатты үйдегі жайлы пәтерлердің кілттерін жаңа қоныстанушыларға тапсырды.

Аймақ басшысы пәтер иелерін құттықтай отырып, тұрғын үйлер жалпықазақстандық мереке - Астана күні қарсаңында тапсырылып отырғанын атады. Дағдарысқа қарамастан мемлекет, Президент Нұрсұлтан Назарбаев уәде еткеніндей, әлеуметтік міндеттемелерді орындап келеді.