Павлодарда абаттандыру жұмысын уақытында аяқтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы Н.Назарбаев даңғылы бойындағы Торайғыров - Қайырбаев көшелерінің шекарасында қазылған жер қайта жөндеуден өтпеген. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда абаттандыру жұмысын уақытында аяқтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

«Бөлім өкілдері Н.Назарбаев даңғылындағы Торайғыров - Қайырбаев көшелерінің шекарасында орналасқан учаскеде мерзімі өткен рұқсат құжаттарымен жер жұмыстарын жүргізу фактісін тіркеді. Бұзылған абаттандыру элементтері де мерзімінде қалпына келтірілмеген», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына қалалық ПБ ЖПҚ органдары шақырылды. Осыған байланысты заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес ескертулерді жоюға мәжбүрлеу әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар 92 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды.


Фото: instagram.com/zhil.inspektsiya