Павлодарда «Ақ тілекпен, Астана!» мерекесі өтеді

ПАВЛОДАР.  Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Шілденің 6-сы  күні  Павлодарда Елорда  күні кеңінен  аталып өтеді,

Павлодарда «Ақ тілекпен, Астана!»   мерекесі  өтеді

  деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың  орталық алаңында   «Ақ тілекпен, Астана!»   мерекесі   өтеді.     Бұл жерде    қала тұрғындарының назарына  «Астана  - әлемдегі  әсем қала!»    думаны ұсынылады,  көрермендер конкурстарға, викториналар  мен  халық ойындарына  қатыса  алады.

Ал  Ертіс жағалауында   стритболдан,     жағажай мини-футболы мен  қазақша күрестен   жарыстар  өтеді.    Ал қаланың кішкентай  тұрғындары  асфальтқа сурет салудан жарысады.

 Достық үйінде  «Бәйтеректің биігінен көз салса»  фотокөрмесі  ашылса,   Қазақстан    халқы  Ассамблеясының   жастар  бірлестігі  «Елімнің  жүрегі - Астана»     мерекелік  қойылымын   ұсынады.

Павлодардың орталық алаңында сондай-ақ,  фестиваль   лауреаттарының,   үздік вокалды топтар мен орындаушылардың   қатысуымен  «Әнім сенсің -Астана!»      қорытынды  гала-концерті  болады.