Павлодарда алаяқтық жасаған адвокат сотталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодарда сот алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге арандатқаны үшін кінәлі деп танылған адвокатқа қатысты үкім шығарды.

Сколько стоят услуги адвокатов в Казахстане
Коллаж: Kazinform

Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алдау арқылы сенімгерді адастырғанын және заңсыз пайда алуға бағытталған іс-әрекеттер жасағанын, оны қолайлы іс жүргізу шешімдерін қабылдағаны үшін лауазымды тұлғаларға ақшалай сыйақы беруге итермелегенін айыптаушы тарап дәлелдеді.

Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде сенімгерден 6 100 000 теңге шамасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын алып, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді ұстанымының арқасында адвокаттың кінәсі дәлелденді.

2026 жылғы 27 ақпанында сот оған 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру, адвокаттық қызметпен және заң кеңесшісі қызметімен айналысу құқығынан 3 жылдық мерзімге айыру және подполковник арнайы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда адвокаттар мен нотариустар үшін талаптар жаңартылды.

Жаңа Конституция жобасына сәйкес адвокаттардың мәртебесі прокурорлармен бір деңгейде теңестіріледі. Бұл пікірді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында айтты.

 



Соңғы жаңалықтар
Референдум