Павлодарда алғаш рет Ертіс күні аталып өтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда қала тарихындағы тұңғыш мереке - Ертіс күні аталып өтілді. Шара жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен Балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы мен «Павлодарлық география үйі», деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Павлодарда алғаш рет Ертіс күні аталып өтілді

«Шара аясында Ертіс өзені туралы қысқа метражды деректі фильм түсіріледі. Оның көрсетілімі жергілікті телеканалдардың бірінде ұсынылатын болады. Әйтім ауылынан бастап жүзген қайықта шамамен 20 шақты адам көтеріңкі көңіл-күймен Павлодардың төменгі жағасына жетті», деп жазады ақпарат көзі. Шара аясында автожолдар көпірінің жанында «Жасыл ел» жасағының жастары сенбілік ұйымдастырып, табиғат аясын қоқыстан тазартты. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жиында павлодарлық Илья Красильниковтың өз қолымен жасаған қайығы жұртшылық назарына ұсынылды. Фестиваль кезінде қала тұрғындары Ертіс өзенін қорғауға арналған «Иртыш - наша гордость и боль!» қайырымдылық шарасына қаражат аудара алады.