Павлодарда аса ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыстық топтың басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы ІІД есірткімен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері аса ірі көлемдегі героин саудасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда аса ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, полицейлер қылмыстық топтың көшбасшысын құрықтадық деп сендіруде.

«60 жастағы павлодарлық азаматтың үйі мен көлігінде 600 грамм героин анықталған», - деді баспасөз қызметінің қызметкері Алма Мұсабекова.

Тергеу жалғасуда.