Павлодарда әскери ант онлайн режімде қабылданды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Ант беру рәсімі ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімшесінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда әскери ант онлайн режімде қабылданды

Бөлімшенің тәрбие және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Аңсар Шәкенов атап өткендей, осы рәсім кезінде 150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады.

- Карантинге байланысты ант қабылдауды онлайн-режимде өткізуді шештік, - дейді Аңсар Шәкенов. - Тікелей эфирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облысы қатысты. Барлығы мыңнан астам жазылушылар: сарбаздардың ата-аналары мен жақындары.

Іс-шара әскери бөлімшенің аумағында өтті.