Павлодарда әскери қызметші өзін өзі атып, қаза тапты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2 225 тенге в сутки выделяется в Казахстане на питание одного солдата
Фото: Тамерлан Тлеубаев/Kazinform

Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан.

— Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер миниистрлігінің баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

— 2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық № 1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Барлық қажетті емдік шаралар жүргізілуде, — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде курсант өліміне байланысты екі әскери қызметкер сотталған еді.

Соңғы жаңалықтар