Павлодарда ауған соғысы ардагерлеріне 250 мың теңгеден беріледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Мұндай бір реттік көмек Павлодар қаласында тұратын 331 ардагерге тиесілі. Бұған қоса ауған соғысында жақындары көз жұмған немесе іс-түзсіз жоғалып кеткен 7 отбасына төлем қарастырылған.

төлем
Фото: Kazinform

Биыл Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толады.

Атаулы датаға орай ардагер жауынгерлер мен офицерлерге және жақындарын жоғалтқан отбасыларға 250 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

— Интернационал жауынгерлерге жыл сайын бөлініп келген 150 мың теңгелік жәрдемақыға биыл қосымша 100 мың теңге қосылады. Бұл — 35 жылдық мерейтойға орай берілетін бір реттік төлемақы, -деп хабарлады Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

1979-1989 жылдардағы ауған соғысына кеңес әскері қатарында қазақ елінен 22 мың жауынгер қатысқан.

Қазақстанда көзі тірі 16 мыңға жуық интернационал жауынгер тұрып жатыр.