Павлодарда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
Ауыл әкімі болуға кейбір кандидаттар өзін-өзі ұсынса, кейбірі саяси партиялардың атынан қатысып жатыр. Сайлау нәтижесінде Көктүбек, Қаратерек және Қарақала ауылдық округтерінің әкімдері таңдалады. Көктүбек әкімі денсаулығына байланысты отставкаға кету туралы өтініш берген. Бұл лауазымға қазір үш үміткер тіркелді. Ал өз еркімен жұмыстан кеткен Қаратерек ауылдық округінің әкімінің орнына екі үміткер өтініш беріпті. Қарақала ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған. Оның лауазымына төрт кандидат тіркелген. Олардың арасында үш аудандық шенеунік және бір жеке кәсіпкер бар.
«Үміткерлер өз қызмет бағыттары бойынша қаржылық қызметпен, әлеуметтік жұмыспен айналысады. Олардың арасында оқытушылар мен инженер-құрылысшы да бар», - деді Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Кішкеналина.
Сайлауға Көктүбек және Қаратерек ауылдық округтері бойынша 3258 сайлаушы қатысады.