Павлодарда автокөлік аударылып қалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда автокөлік аударылып, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Көлік Геринг және Павлов көшелерінің қиылысында аударылып қалды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автокөлік басқа бір көлікпен соқтығысып қалған.
«Hyundai» көлігі Павлов көшесімен келе жатқан кезде басқа автокөлікпен соқтығысып, төңкерілді. Жүргізушіге дәрігерлердің көмегі қажет болды, - деді ведомствода.