Павлодарда –аяз: Дизельді және қоғамдық көліктер қозғалысына тыйым салынды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауа райы нашарлап, - 39 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз -39 градусқа дейін) республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолында дизель және қоғамдық көліктің түрлеріне қозғалыс жабылатыны туралы ескертті.
- Қатты аязда далаға шықпауларыңызды және қатты отынды пайдалану кезінде абай болуларыңызды, сонымен қатар суықта жылытқыш электр құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігін сақтауды, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Өзіңізді және жақыныңызды қорғаңыз, - деді департаментте.