Павлодарда әйел үйінде үстел басында отырған күйі өмірден өтіп кеткен
Құтқарушылар терезеден кіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Палодар қаласы Катаев көшесіндегі 50-үйден қоңырау түскен.
Көршілері 63 жастағы әйелдің ұзақ уақыт бойы есік ашпағанынан секем алған.
Құтқарушылар полицейлер мен туыстарының көзінше баспалдақты пайдаланып, ас үйдің терезесінен 3-қабаттағы пәтерге кірді.
- Әйелдің жансыз денесі үстел басында отырды. Бұл істі полиция қызметкерлеріне тапсырдық, - деп хабарлады ТЖД.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД төрт қызметкері, "102"қызметі барған.