Павлодарда Азиада алауын 60 алаугер алып өтеді

ПАВЛОДАР. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Дүйсенбі, 24 қаңтарда Павлодарда Азиада алауының эстафетасы басталады,

Павлодарда Азиада алауын    60 алаугер алып өтеді

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Қысқы ойындардың алауы Павлодарға жексенбі күні жеткізіледі және эстафетаға дейін «Қазақстанның Халық банкінің» облыстық филиалында сақталады.

Азиялық ойындардың алауын алып өту миссиясы павлодарлық танымал 60 азаматқа бұйырып отыр. Олардың қатарында спорт ардагерлері, үздік жаттықтырушылар, танымал спортшылар бар.

Эстафета Достық үйінің алдынан басталып, Павлодар көшелерімен жүріп өтеді. Эстафета соңында қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңда қысқы Азиялық ойындар алауының шырағы тұтандырылады, одан кейін «Астана» мұз айдынында мерекелік қойылым өтеді.

Қысқы Азиада ойындарына павлодарлық спортшылар да қатысады. Олар - шаңғы жарысынан халықаралық спорт шебері Андрей Головко мен Қазақстанның қысқы спартакиадасының жеңімпазы, фристайлдан халықаралық спорт шебері Сергей Берестовский.