Павлодарда балалар мен жастар спорт клубы ашылды

ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодардың бірінші шағынауданында бүгін «Ертіс» атты балалар мен жастар спорт клубының салтанатты ашылу рәсімі болды,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл қуанышты оқиғамен облыс әкімі Ерлан Арын құттықтап, өз сыйлығын - боксшыларға арналған киімдерді табыстады, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитов та олардың спортта жетістіктерге жетуіне тілегін білдірді.

Бірінші шағынауданның жасөспірімдерінде бүгінде таңдау үлкен - клубта бокс және үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, хоккей секциялары ашылды.

«5-29 жас аралығындағы азаматтар үшін барлық үйірмелер тегін, оларды аймақтағы танымал жаттықтырушылар жүргізеді. Көктемде абаттандырумен, шағын футбол алаңын, волейбол, баскетбол және хоккейге арналған алаңдарды құруға кірісеміз», - деп атап өтті «Балалар мен жасөспірімдер спортының орталығы» МКҚК-ның басшысы Еркін Мәкішев.

Соңғы жаңалықтар