Павлодарда балаларға арналған экскурсиялық трамвай жүреді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 1 маусымда 15 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге байланысты үлкен және шағын автобустарда, сондай-ақ трамвайларда 15 жасқа дейінгі балалар күні бойы (1 маусым) тегін жүре алады», - деп хабарлады Павлодар әкімдігінен.
Павлодар трамвай басқармасы осы күні үйінде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін №5 экскурсиялық вагонын іске қоспақ. Осы трамвайда балаларға арналып дастархан жайылады.