Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды

арақ
Фото: Павлодар облысының прокуратурасы

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Үйде қамалып отырған 3 баланы прокурорлар рейд барысында анықтап, құтқарған. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, әлеуметтік қорғау органдары бақылауға алды.

Прокурорлар балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіп жүріп, тұрмысы нашар отбасыны анықтаған.

ішімдік
Фото: Павлодар облысының прокуратурасы

«Павлодар ауданында тұратын әлгі отбасының ата-анасы үш күн бойы ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған үш баланы мектепке және далаға жібермегендері анықталды. Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен, аудандық білім беру, полиция, денсаулық сақтау бөлімдерімен бірлесіп, балаларды босатты және оларға алғашқы қажетті көмек көрсетті», деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.

Соңғы жаңалықтар
telegram