Павлодарда баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда балабақшалардың бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды. Ал мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
None
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп жазды білім беру бөлімінен.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.


Соңғы жаңалықтар
Референдум