Павлодарда балық аулауға шығып, боранда қалған жолаушылар құтқарылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жеңіл көлікте екі азамат болған. Құтқарылғандар жақын ауылдағы жылыту пунктіне аман-есен жеткізілді.

ТЖД
Фото, видео: Павлодар облысы ТЖД

8 ақпан күні сағат 16.07-де Павлодар облысы Ақтоғай ауданының № 15 Өрт сөндіру бөліміне «Митсубиси» маркалы жеңіл көлігі Ертіс өзені маңында батып қалғаны туралы хабарлама түскен.

«Жолаушылар Жаңабет ауылынан 7 км қашықтықта тұрып қалған. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен Мүткенов ауылдық округінің орманшысы жолаушыларға жедел жетіп, оларды эвакуациялады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Қос азамат Ертіс өзенінің сағасына балық аулауға шыққан. Жолда алай-түлей боран соғып, көлік омбы қарда тұрып қалған. Балықшылар Жаңабет ауылының жылыту пунктіне көлігімен бірге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Соңғы жаңалықтар