Павлодарда балконда кәуап пісірген тұрғын жазаланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында балконда кәуап пісірген тұрғын жазаға тартылды, деп жазады Polisia.kz.

Павлодарда балконда кәуап пісірген тұрғын жазаланды

Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады.

Ол Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпай, өз әрекеттеріңізбен өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеуді ескертеді.