Павлодарда бар күзетшілері мониторингтік топ мүшелеріне күш көрсеткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда мониторингтік топ мүшелеріне күш көрсеткен лаундж-бар күзетшілеріне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодарда бар күзетшілері мониторингтік топ мүшелеріне күш көрсеткен

Өткен демалыс 5-6 қыркүйек күндері мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 28 нысанында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тексерді

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде 5 қоғамдық тамақтану орнында аталмыш нормаларды бұзу фактілері анықталды.
«Мәселен, «Фараон» мейрамханасында үстелдерде алты адамнан артық отырды. «Прогресс» мейрамханасында санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес тыйым салынған іс-шараның өткізіліп жатқаны тіркелді. Сондай-ақ, бұзушылықтар «Гоголь» және «Garage» гастро-барында тіркелді. «Мажор» лаундж-бары «Asyq» жүйесі бойынша жұмыс жасамаған, сондай-ақ, мекеме белгіленген уақыттан кейін де жұмысын жалғастырған және келушілердің саны шамадан тыс артық болған», - деді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері мониторингтік топ мүшелеріне қарсылық көрсетіп, лаундж-бар күзетшілері қызметтік міндеттерін орындау кезінде мониторингтік топ мүшелеріне күш көрсеткен.
Нәтижесінде құқық бұзушылықтың барлық қатысушылары іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.
Павлодарда мониторингтік топтардың жұмысы жалғасын табатын болады. Барлық тіркелген фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін берілді.