Павлодарда басқарма жасалмаған жұмысқа бекерден бекер 95 млн теңге төлеген

Павлодар облысының прокуратурасы цифрлық технологиялар басқармасында бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Ақпараттық жүйелер бойынша нақты көрсетілмеген қызметтерге мол ақша ысырап болған, деп хабарлайды Kazinform.

1,7 млрд теңге жымқырып, сотталған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде өнім беруші ақпараттық жүйелердің бірінің жарамдылығын қамтамасыз етуге міндеттенді.

Алайда, белгілі болғандай, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін жүйе жұмыс істемеген.

Соған қарамастан тапсырыс беруші 95 млн теңге сомасында бюджет қаражатын төлеген.

30 қарашада Павлодар облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғады.

Қазіргі уақытта облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.