Павлодарда бәйгеден ел чемпионаты өтеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда бәйгеден ел чемпионаты өтеді


«Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысады. Жүлделі болған тұлпарлардың бапкерлеріне ақшалай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ көрермендер арасында тегін ұтыс ойыны ойнатылады. Онда теледидар, телефондар, шаңсорғыш, смарт-сағат, мультиварка, планшет, велосипед және өзге де тұрмыстық техникалар ойнатылады», - делінген Павлодар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің хабарламасында.

Турнир үш қашықтық бойынша өтеді: 24 шақырымға аламан бәйге, 11 шақырымға құнан бәйге және 17 шақырымға топ бәйге.
Басталуы – 3 қыркүйек, сағат 12.00-де «Құлагер» ипподромында.
Көрермендер үшін кіру тегін.





Фото: pavlodarnews.kz