Павлодарда белгісіз біреулер трамвайға оқ атты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда белгісіз біреулер трамвайға оқ атты. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға «Аймауытов» және «Қамзин» аялдамаларының аралығында орын алған. - 2019 жылғы 25.10 сағат 11:36-да «102» оператор пультіне Ломов көшесіндегі «Аймауытов» және «Қамзин» аялдамаларының аралығында №6 бағыттағы Ворушин көшесіне қарай жүріп келе жатқан алдынғы трамвай әйнегіне белгісіз адам пневматикалық қарумен оқ атқаны туралы шақырту келіп түсті, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Осы факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.