Павлодарда бес қашықтықта өтетін бәйгенің жүлдесіне екі көлік тігілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  11 тамызда сағат «Құлагер» ипподромында сағат 11.00-де Құрылысшылар күніне арналып бес қашықтықтан ат жарысы өткізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда бес қашықтықта өтетін бәйгенің жүлдесіне екі көлік тігілді

Павлодар облысының ұлттық ат түрлері спорты федерациясы аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы, жорға бәйге және көкпар ұйымдастырады.

Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне демеушілердің қаражаттары есебінен автокөлік және ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Бұл күні  өңірдің  әртістері, бишілері және музыкалық ұжымдары өнер  көрсетеді. «Жаппай» көкпарға 50-ден астам спортшы қатысады.

8 шақырымдық құнан бәйгенің 1-орынға 1,2 млн теңге беріледі. 2,4 шақырымдық ұшқыр жарысының бірінші орнына 1 млн теңге қарастырылған. 14 шақырымдық тоқ бәйгенің басты жүлдесі автокөлік, 2-орын - 1 млн теңге.

10 шақырымдық жорға жарысының бас жүлдесі 1,5 млн теңге. 26 шақырымдық аламан бәйгенің басты жүлдесі «Нива» автокөлігі, 2-орынға  1,5 млн, 3-орынға - 700 мың беріледі.

Аламан бәйге мен тоқ бәйгеде бесінші орынға шейін жүлде қарастырылған.