Павлодарда бесінші қабаттан 4 жасар бала құлап кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 3 тамыз күні Бектұров көшесі, 71 мекенжайында болған.
«Жедел жәрдем бригадасы ұл баланы сағат 21:13-те жеткізді. Басына ауыр жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлер бірнеше сағат бой өмірін арашалап қалуға тырысты. Бала есін жимастан сағат 02:45-те көз жұмды», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.