Павлодарда биыл жаңадан 30 трамвай сатып алынады

Павлодар
Фото: Павлодар трамвай басқармасы

Павлодар қаласындағы трамвай паркінде бүгінде 80-нен астам трамвай күнделікті жолға шығады. Олар былтыр 17 млн-нан астам жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды Kazinform.

Шаһардағы рельсті көлік жолдарының жалпы ұзындығы бүгінде 90 шақырымды құрайды. Көлік кәсіпорнының иелігіндегі вагондардың жалпы саны 100-ден асады.

«Қысқы уақытта қала тұрғындарына күн сайын 80-нен астам трамвай қызмет көрсетеді. Былтыр біздің вагондарымыз шамамен 17 млн жолаушыны тасымалдаған. 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өзгергені мәлім. Банктік аударыммен төлеу кезінде жол жүру ақысы 100 теңгені, қолма-қол төлеу кезінде 200 теңгені құрайды. Бұл іс-шаралар рельсті көлікті дамытуға, жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуға және жылжымалы құрамды жаңартуға қаражат бөлуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады трамвай басқармасы.

Трамвай паркі алдағы екі жылда жаңадан 70 трамвай сатып алуды жоспарлап отыр. Оның алғашқы 30-ы биыл жеткізіледі. Кәсіпорын сондай-ақ биыл Достық ықшам ауданына жаңа трамвай тармағын тартады. Аумаққа автономды вагондар жүреді деп күтілуде. Яғни, қуатталған аккумулятордың көмегімен жылжитын болады. Электр бағандары мен сымдардың қажеті жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram