Павлодарда бір мезетте 1500 жеткіншек би биледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық күніне орай Павлодарда «Спорт - Мен - Көктем» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған флешмобта бір мезетте балабақшаның 1500 тәриеленушісі мен олардың ата-аналары би биледі.

Павлодарда бір мезетте 1500 жеткіншек би биледі

Мерекелік шара Естай атындағы мәдениет сарайында басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . Мұнда 10 балабақшаның 400-ден аса тәрбиеленушісі мен олардың 200-ге тарта ата-анасы би биледі. Дәл осындай ауқымды шара Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында да өтті.

«Денсаулық күніне орай қаладағы барлық балабақшаларда мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Естай мәдениет сарайына төрт пен жеті жас арасындағы №4,№18, №51, №35, №21 ,№38, №33, №40, №8, №78 балабақшалардың жеткіншектері ата-аналарымен келіп отыр. Дайындық жұмыстары екі апта бойы жүргізілді», - деді №4 балабақшаның меңгерушісі Айнагүл Нұрпейісова.     

«Мен өскенде биші болғанды армандаймын. Би-билеп жеңіске жетіп, елімді қуантамын, - дейді қазақ тілінде №33 балабақшаның тәрбиеленушісі Эвелина Бурцева.