Павлодарда бірнеше көліктің соқтығысуына кінәлі жүргізушіге айыппұл салынды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда газ бен тежегішті шатастырып алған жігіттің кесірінен бірнеше көлік соқтығысқан. 19 жастағы жүргізушіге 58 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
16 тамызында сағат 15:45 шамасында облыс орталығында болған жол апатынан төрт көлік зақымдалды.
Жас жігіт Jaguar s-Type көлігімен Лермонтов көшесімен келе жатып, 119-шы үйге қарама-қарсы қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Toyota Camry-ге соғылған.
Соққыдан седан Audi B4-ке, ал ол Acura MDX кроссоверімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты істі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарады.
- Құқық бұзушы кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініп, газ және тежегіш педальдарын шатастырып алғанын түсіндірді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде. Ол ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекет кірісіне 58 340 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.