Павлодарда бухгалтер екі миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ЖШС-іне тиесілі миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған 31 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестік иесі басқа елде кетуіне байланысты ұйымның салығын төлеуге мүмкіндігі болмаған. Сондықтан, оған ұйымның банк шотына түрлі фирмалардан қаражат түскенін бақылап, қажет кезде салық төлеп отыратын адам керек болған. Осыған байланысты зардап шеккен кәсіпкерге өзі бір жылдан бері танитын бухгалтер қыз көмектесуге келісім берген. Екеуара келісіп, оған шоттың логины мен құпия сөзін флеш-картамен бірге тапсырған. Ол басқа қалада жүргенде фирманың шотына ақшалай қаражаттың түскен-түспегенін біліп, хабар алып отырған. Бірақ танысы ешқандай қаражат аударылмағанын айтқан», - делінген баспасөз баянында.

Серіктестік иесі 2019 жылдың тамызында қалаға келіп, қыркүйектің аяғында банкке барған. Онда ол ұйымның шотына 2 млн теңге қаражат түскенін, оны «танысының» өз анасының шотына аударғанын білген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар