Павлодарда былтыр жастарға 238 пәтер берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Павлодарда жастар үшін 238 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова айтып берді.
- «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында 167 жас баспанамен қамтылды. Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі 54 жас отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды, - деді Наталья нефедова.
Айта кетейік, Павлодар облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 163 135 жас тұрып жатыр. Бұл облыстағы жалпы адам санының 21,4 %-ын құрайды.
Жұмыспен қамтылған жастар саны 128 909 адам, жұмыссыз жастар саны 4125-ке жетіп отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздың деңгейі 2,53%-ды көрсетті.