Павлодарда дауыл мен нөсерден 41 ағаш құлаған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда соққан күшті жел мен нөсерден 41 ағаштың құлау жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша Павлодар қаласында күн райының қолайсыздығынан 41 ағаш құлау жағдайы тіркелді. 14 мекенжай бойынша құлаған ағаштар кесіліп, шығарылды», - деп мәлім етті әкімдіктен.
Бұған дейін хабарланғанындай 7 шілде күні Павлодарда нөсер жауын мен қатты желден көшелер мен көпқабатты тұрғын үй аулаларын су басып, электр жарығы сөніп қалған болатын.
Бүгін Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.