Павлодарда демалыс күндері қай жерден вакцина салдыруға болады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қалалық әкімдік демалыс күндері вакцина қабылдауға болатын орындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда демалыс күндері қай жерден вакцина салдыруға болады

Вакцинация «Манақбай», «Артур», «Квазар» және «Керуен» сауда үйлерінің аумағында жылжымалы медициналық кешендерде жүргізіледі. Кешендердің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар, емханаларда Сovid-19-ға қарсы вакцинациялау кабинеттері ашылды. Олардың жұмыс тәртібі: сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін. «Вакцинаның екі түрі бар: қытайлық «Verо Cell» және ресейлік «Спутник V». Вакцина коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған. Вакцинация ерікті болып табылады және тегін жүргізіледі, - деді әкімдікте.

Ниет білдірушілерге тіркеу орнында тіркелудің қажеті жоқ. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.