Павлодарда дене шынықтыру мен спорт дамуының негізгі мәселелері талқыға түсті

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -«Қазақстанның спорт одағы» қауымдастығы мен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Павлодарда ұйымдастырған дөңгелек үстелінің тақырыбы «Спорт пен туризмнің дамуы - мемлекеттің басым міндеттері» болды.
None
None

Қазір шешімі табылмаған мәселелер туралы өткен жиынға білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, жас ұйымдарының өкілдері, жаттықтырушылар мен кәсіпқой спортшылар қатысты.

«Қазақстанның спорт одағы» қауымдастығының төрағасы Ерлан Жанғұлов Қазақстанның барлық облысы бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындыларымен таныстырды.

Сауалнама нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 1400 адам ішінен халықтың тек 8,9 пайызы үзбей спортпен айналасып тұратындықтарын айтқан, олардың арасында әйелдерге қарағанда ерлердің үлесі екі есеге артық. Қалғандары спортпен анда-санда айналысатындар не болмаса мүлдем қызығушылық танытпайтындар. Бұған себеп қол жетімді спорттық базалардың жоқтығы. Жауап берушілердің бірнешеуі бос уақыттарын теледидар көрумен өткізетіндіктерін жеткізген.

Қауымдастық сарапшылары спорт нысандарының құрылысын жеткіліксіз мөлшерде қаржыландыру - Мемлекет басшысының халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтқан тапсырмасын орындауда қолға байлау болып отыр дейді.

Соңғы жаңалықтар